Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында полиция жасырын есірткі қойып кетушіні қылмыс үстінде ұстады

Ақтөбе облысында полиция жасырын есірткі қойып кетушіні қылмыс үстінде ұстады
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында полиция жасырын есірткі қойып кетушіні қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтау қаласының 25 жастағы тұрғынын есірткі қою кезінде ұстады. Ұсталған азаматты жеке тінту барысында одан ішіне ұнтақ зат салынған 23 орама тәркіленді. Әрі қарай жалдамалы пәтерді тінту кезінде ұнтақ заты бар 18 орама табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың салмағы 42 грамнан асатын пирролидиновалерофенон (альфа-PvP) синтетикалық есірткісі. Бұл 600-ге жуық бір реттік дозаны құрайды.

Есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық заңнамада есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны, тасымалдағаны, жөнелткені не өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады