Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейлік полицейлер “синтетиканың” 100-ден астам дозасын тәркіледі

Семейлік полицейлер “синтетиканың” 100-ден астам дозасын тәркіледі
Фото: polisia.kz

Семейлік полицейлер “синтетиканың” 100-ден астам дозасын тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 тамызда Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп”, “Қарасора – 2023” ЖПІШ өткізу шеңберінде есірткінің синтетикалық түрлерін заңсыз таратқаны үшін облыс орталығының 21 жастағы тұрғынын ұстады, оның тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында ұнтақ түріндегі заты бар 14 зип-пакет табылып, тәркіленді.

Қорытындыға сәйкес зерттеуге алынған зат салмағы 28,88 грамм А-PVP психотроптық заты екені анықталды, 3 зип-пакетте ұнтақ түріндегі ақ түсті мефедрон салмағы 1,37 гр.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы – 30.25 грамм болатын, 100-ден астам доза. Қара нарықта бағасы шамамен 1 миллион теңгені құрайды.

ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді