Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавл тұрғыны аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткімен ұсталған

Петропавл тұрғыны аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткімен ұсталған
Фото: polisia.kz

Петропавлда 22 жастағы тұрғын аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Петропавл қаласының орталығында синтетикалық есірткіні жасырын жерге салып кету арқылы таратқан 22 жастағы азамат күдікке ілінді. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оны Мичурин көшесінде ұстады. Жігіттен ұнтақ тәріздес затпен 36 полимерлік түйіншек тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, 21 түйіншекте мефедрон психобелсенді заты, 15 данасында “тұз” деп аталып жүрген α-PvP заты болғаны анықталды. Алынған синтетикалық есірткілердің жалпы салмағы 28,08 грамды құрады, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа жіберілді.

– Есірткінің таралуына қарсы күрес – полиция жұмысындағы басты басымдықтардың бірі. Жыл басынан бері облыста есірткі сатты деген күдікпен 35 адам ұсталды. Тәжірибе көрсеткендей, орта есеппен бес есірткі таратушының төртеуі синтетикалық есірткімен айналысады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-нің 297-бабының санкциясына сәйкес өткізу мақсатында есірткі сақтағаны үшін 10 жылға дейін, ірі мөлшерде – 12 жылға дейін, аса ірі мөлшерде 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты