Абай облысында қос азаматтықпен жүрген ер адам елден шығарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан заңнамасы бойынша кез келген басқа азаматтығын алғаннан кейін адам күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға және азаматтығынан айырылғанын тіркеуге міндетті.
Алайда, Қазақстанның кейбір тұрғындары басқа мемлекеттің азаматтары бола отырып, Қазақстанға кіру және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланады. Азаматтар Қазақстанның әлеуметтік, зейнетақы және басқа да жеңілдіктерін пайдалану үшін азаматтықтың ауысу фактісі туралы хабарлауға асықпайды.
– Мәселен, осы жылдың қараша айында көші-қон қызметінің қызметкерлері Семей қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтады, ол 2023 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы мәлімдемеген және сәйкесінше Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақытылы ресімдемеген, – деді Абай облысы ПД КҚҚБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Бауыржан Имангажанов.
Сот шешімі бойынша құқық бұзушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығару түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылу рәсімделді.
Абай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын болып табылмайтынын ескертеді.