Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында қос азаматтықтың 800-ден астам дерегі анықталды

Павлодар облысында қос азаматтықтың 800-ден астам дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында қос азаматтықтың 800-ден астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетелдік азамат бір мезгілде біздің еліміздің және басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, онда ол сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтамайды. Қазіргі уақытта облыстық ПД көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

– Биыл Павлодар облысында 819 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. 49-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8-і Қазақстан Республикасынан шығарылды, – деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғомар Шәбиденов.

Мәселен, Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің көші-қон полицейлері 45 жастағы ер адам Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алмағаны туралы фактіні анықтады. Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады