Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресейлік 4 жыл бойы Қазақстанда зейнетақы алып келген

Ресейлік төрт жыл бойы Қазақстанда зейнетақы алып келген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шемонаиха қаласында төрт жыл бойы қазақстанның зейнетақысын алып жүрген Ресей Федерациясының азаматшасын анықтады.

ШҚО Полиция департаментінің Көші-қон қызметкерлері күнделікті облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Қос азаматтықпен жүрудің себептерінің бірі- бұл карантиндік шектеулер кезеңінде мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту, төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл эмиграция мүмкіндігі, жаппай тәртіпсіздіктер, қылмыстық қудалау, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы,материалдық артықшылықтар алу,атап айтқанда зейнетақы есебі, балалардың тууы кезіндегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік шарттары болып отыр.

– Жыл басынан бері 800-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді. Негізгі бөлігі – Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған тұлғалар, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. ⠀

Сонымен қатар, қос азаматтық үшін 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін – 24, Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін – 61.

Қос азаматтықтың тағы бір жағдайы Шемонаиха ауданының Көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтады. Тәртіп сақшылары 2013 жылы Саратов облысында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, 63 жасар қала тұрғынын анықтады. Алайда, заңнаманы елемей, Қазақстанда тұрып, ҚР азаматтарының құжаттарын пайдаланды, бұл ретте қазақстандық зейнетақы алғаны және осы күнге дейін мемлекеттік қызметтерді пайдаланған.

– Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК- нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және елдің заңнамасын сақтауды сұрайтынын еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді