Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Демографиялық саясат немесе мегаполистегі кең таралған бөбектер есімі

Демографиялық саясат немесе мегаполистегі кең таралған бөбектер есімі
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы шымкенттіктер арасындағы ең танымал есімдер рейтингін жасады. Үздік бестікке Ясин, София, Айрис, Айым және Медина деген қыздар есімдері кірсе, ер балалар арасында  Мұхаммед, Тауман, Мансур, Әбубәкір және Ибраһим есімдері кірді.

Туу туралы куәлікке өтінімді онлайн режимінде және ХҚО арқылы беруге болады.  Ағымдағы жылдың басынан бері 38 мыңнан астам куәлік берілді.
«Ата-ана атанған азаматтар туу туралы куәлікке тапсырысты өз бетінше проактивті түрде де және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да бере алады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі», - деді «Азаматтарға арналған үкіметтің*» Шымкент қаласы бойынша филиалының директор орынбасары Қайрат Меңлібеков.
Айта кетер болсақ, жыл басынан бері 30 мыңға жуық ата-ана туу туралы куәлікті онлайн форматта рәсімдесе, ХҚО арқылы куәлік алуға 8 мыңнан астам өтінім берген.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына  өткен болатын. Дегенмен, некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ, шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ мамандарымен жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 1 сәуірге Шымкент қаласының халық саны 1198,5 мың адамды құрады. 2022 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 29,3 мың адамға немесе 2,5% артты.

2023 жылғы қаңтар-наурызда қалада 7,2 мың туу (2022 жылғы қаңтар-наурызға 101,6%) және 1,2 мың өлім (2021 жылғы қаңтар-наурызға 92,2%) оқиғасы орын алды. Қала бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурызда 1000 адамға шаққанда туу және өлімнің жалпы коэффициенті тиісінше 24,37 және 4,19 болды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді