Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев «Londian Wason» және «NAIKAN» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұрлыбек Нәлібаев «Londian Wason» және «NAIKAN» компанияларының басшыларымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Londian Wason New Energy Tech Inc.» компаниясының бас директоры Чжоу Гуанлиньмен және «NAIKAN Ltd.» компаниясының басшысы Александр Нигаймен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, озық шетелдік технологияларды тарту және қосылған құны жоғары өндірістерді құру мәселелері талқыланды. 

Атап айтқанда, тараптар қазақстандық катодты мысты негізге ала отырып, мыс фольгасын өндіретін зауыт салу жобасын қарастырды. Мыс өнімдері  аккумуляторлар, энергия жинақтау жүйелері мен заманауи микроэлектрондық жабдықтар өндірісінде жоғары сұранысқа ие. Отандық өндірістегі мыс фольгасын Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы аясында пайдалануға болады.

Келіссөз барысында отандық катодты мысты пайдалану, қазақстандық техникалық кадрларды даярлау, өндірілетін өнімді халықаралық нарықтарға шығару мәселелеріне ерекше мән берілді.

Вице-премьер Қазақстан Үкіметі шикізаттық модельден терең өңделген өнім өндіруге көшу бағытын қолдайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша «NAIKAN Ltd.» және «Londian Wason» компанияларының басшылары Қазақстанда зауыт салу жобасын әріптестік негізде бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды