Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде қанша азамат шетелдік көлігін заңдастырып үлгерді

Бүгін, 23 қаңтарда Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны басталды. Алдын ала мәлімет бойынша 2 мыңнан астам өтінім мақұлданған деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ішкі істер минитрлігінің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша 2 мыңнан астам өтініш мақұлданып, оның ішінде 100 адам тиісті құжаттарын алған.
"Құжаттары толық азаматтар мемлекеттік нөмірлік белгілерін алып, өз көліктерін заңдастырып жатыр", - деді ведомстводан. 
Сонымен бірге ведомство азаматтарға ХҚКО-ларда мамандар көмектесіп жатқанын атап өтті. Мұнда кеңес алып, базалар бойынша құжаттарды тексеруге мүмкіндік бар. Әрбір өтінім жеке қаралады. Қосымша сұрақтар туындаған автокөлік иелеріне қажетті ұсыныстар беріледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, заңдастыруға өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.
"Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек, қылмыстық есепте болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі тиіс. Егер автокөлік заңдастыруға жататын болса, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымды, мемлекеттік нөмірге төлем мен техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ төлеу қажет", - делінген хабарламада. 
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді