Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады

Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Colisium және IMX Shanghai халықаралық платформалары музыка индустриясы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім Азия және ТМД елдері арасындағы кәсіби байланысты дамытуға бағытталған. Бірлескен жобалар талқыланатын алаңдардың бірі Алматы болмақ. Мұнда 20-21 қараша күндері Марков көшесі, 44 мекенжайындағы Almaty Creative кеңістігінде Colisium Almaty конференциясы өтеді. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Меморандумға 29-31 қазан аралығында Қытайда өткен IMX Shanghai музыкалық форумы барысында қол қойылды. Тараптар концерт ұйымдастырушылары, продюсерлер, музыкалық лейблдер мен артистердің менеджерлері арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр.

Конференцияда Қытай музыка нарығының қыр-сыры, шетелдік орындаушыларды жергілікті аудиторияға таныту жолдары және гастрольдік концерттерді ұйымдастыру тәртібі талқыланады. Жиынға Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей және Өзбекстаннан келген сала мамандары да қатыспақ.

Бағдарламада музыканы халықаралық платформалар арқылы тарату, шетелде концерт өткізу, музыкалық лейблдермен жұмыс істеу және артистердің халықаралық фестивальдерге қатысуы секілді өзекті мәселелер қамтылған.

Бұл кездесу қазақстандық орындаушылар мен продюсерлерге шетелдік музыка бизнесінің өкілдерімен тікелей ынтымақтастық жайын талқылауға жол ашады.

Алматыда креативті индустрия саласында 21 мыңнан астам субъект жұмыс істейді. Музыка саласы – осы сектордың маңызды бағыттарының бірі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды