Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырымды қабылдады

Қазақстан Президенті жуырда Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып сайланған Бинали Йылдырымды қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бинали Йылдырым қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Президентті және Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту үшін Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Анкараға ресми сапармен келуге шақырған сәлемін жеткізді.

Кездесуде қазақ-түрік стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі саяси диалогтың арта түскенін, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан Президенті биыл қараша айында Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының тарихи саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің маңыздылығына мән беріп, Бинали Йылдырымды осы Ұйымның Ақсақалдар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті