Спорттық сайысқа түскен әлеуметтік сала мамандарының мақсаты - бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Әріптестер ашық алаңда жиі кездесіп, өзара достық-қарым қатынасты нығайтуда.

Жарыс жүлдегерлерін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасарлары Мақсат Жолдасбеков пен Сабыржан Арапбай марапаттады.
Айта кетейік, салауатты өмір салтын насихаттау мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және жалпы аурулар мен олардың алдын -алу тәсілдері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы мақсатта, басқарма қызметкерлердің кәсіби аурулар және денсаулықты сақтау мен жақсы хал-жағдай сақтау үшін қажетті өмір салтын өзгерту мәселелерінде белсенділіктерін арттыру бойынша тұрақты жұмыс атқарып келеді. Бұл қызметкерлердің өздеріне ғана емес, сонымен бірге өз денсаулықтарына және отбасы мүшелерінің денсаулығына да жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.