Қазақстан республикасының Тәуелсіздік мерекесі күніне орай, Шымкентте 36814 әскери бөлімінің жауынгерлері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан алғашқы біріншілік өтті. Бас жүлде - бөлім командирінің ауыспалы кубогі. Сайысқа жалпы саны 70 әскери қызметшіден тұратын 7 команда қатысты. Олар 57 және 85 келіден асатын 6 салмақ дәрежесінде күресті.
Қоян-қолтық ұрыс әрбір әскери қызметшіні даярлаудың негізгі элементтерінің бірі. Жақын шайқаста атыс немесе басқа қару түрлерін қолдану мүмкін болмаған жағдайда, әскери қызметші әртүрлі жауынгерлік және спорттық әдістерді қолдана білуі керек. Оларды шыңдау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 70 әскери қызметшіден тұратын 7 команда қатысты.
Әскерилер 57 және 85 келіден асатын 6 салмақ дәрежесінде күресіп, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Барлық жекпе-жектер арасында жиналған ұпайларды есептеу барысында 36814 әскери бөлімінің арнайы тағайындалған командасы бірінші жалпы командалық орынды жеңіп алды.
Жарыста жалпы командалық орындардан бөлек, «Үздік жауынгер» арнайы номинациясы келісімшарт бойынша әскери қызметші, кіші сержант Құрманғазы Қалмұратовқа берілсе, «Жеңіске деген танытқан күш жігері үшін» үшінші сыныпты сержант Шыңғыс Парменқұлов марапатталды. Турнир жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, грамоталармен және бригада командирінің ауыспалы кубогы табысталды. Айта кетейік, сайыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін өтетін республикалық турнир мен армиялық қоян-қолтық ұрысынан ТМД чемпионаты қарсаңында қолдау ретінде ұйымдастырылып отыр.