Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда футболдан «Aula Ligasy» турнирі аяқталды

Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аула клубтары арасында ұйымдастырылған «Aula Ligasy» футбол турнирі аяқталды. Қала әкімінің кубогы үшін өткен жарысқа төрт ауданнан 1500-ге жуық бала қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан «Aula Ligasy» турнирі елордада 19 маусымда басталған болатын. Жарыс қаланың 40 футбол алаңында өтті, оған 135 команда қатысты.

Финалдық ойындар жақында «Астана Арена» стадионында өтті. Турнир қорытындысы бойынша ақтық сынға әр ауданның 8 үздік командасы шықты. Олардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Самат Жылқыбаев қатысты.

Байқоңыр ауданының «Baikonur Team» командасы «Aula Ligasy» турнирінің чемпионы атанды. Жүлделі екінші орынды Есіл ауданының «Жағалау» командасы иеленсе, үздік үштікті Есіл ауданының «Сенім» ұжымы түйіндеді.

Турнир барысында үздік ойынымен көзге түскен қатысушылар бірнеше номинация бойынша марапатталды:

«Үздік ойыншы» – Нұрәли Садықов;

«Үздік шабуылшы» – Назар Сәбитұлы;

«Үздік қорғаушы» – Бекзат Әбен;

«Үздік қақпашы» – Нұрсұлтан Сұлтанғазы.

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен дипломдар, сондай-ақ спорттық форма және жарыс демеушісінің сертификаттары тапсырылды.

Турнир санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді