Биыл Шымкентте «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» шеңберінде 35 жасқа дейінгі 16 425 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған болатын. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының нәтижесінде жоспар асыра орындалып, нақты 21450 адам қамтылған. Оның ішінде 7115-і NEET санатындағы жастар.
Субсидияланатын жұмыс орындарымен 6 мыңнан астам жас қамтылған. 134 адам әлеуметтік жұмыс орындары, 2566 адам жастар практикасы және 1465 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.1852 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы» бойынша және 23 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасымен жұмысқа орналастырылған.
Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде сондай-ақ 2514 адам кәсіби білім беру бойынша оқуға жолданған. Жастар жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындары мен оқу орталықтарында кәсіптік білім алуда. Оқу сәтті аяқталған соң бітірушілерге сертификат табысталып, кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына орналасады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады. https://skills.enbek.kz/ сайты арқылы бүгінгі таңға 1 жарым мыңнан астам азамат онлайн білім алған.
Шымкенттік 6346 жас «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытылып, оның ішінде 200-ге жуық адам мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды. Нақты 6383 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.
12-12-2023, 16:21
Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 20 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз