Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталды

Елорданың Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстар, Жастар практикасы, Әлеуметтік жұмыс орындары, Алғашқы жұмыс орны, Ұрпақтар келісімшарты жұмысқа орналастыру бағдарламалары аясында жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтінімдерді жинау қаржыландыру лимитіне сүйене отырып, жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жайлы толық ақпаратты czn.kz сайтынан немесе 57-89-35; 72-93-56 телефондары арқылы алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, 29 жастан аспаған және жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастарға арналған.

«Ұрпақтар келісімшарты» зейнеткерлікке шығатын еңбеккерлерді ауыстыруға кадрлар даярлайтын жастарға арналған.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы үш жыл бұрын диплом алған, жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа дейінгі ЖОО түлектері арасында жүзеге асырылады. Өту ұзақтығы - 6 ай.

«Қоғамдық жұмыстар» - халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі.

«Әлеуметтік жұмыс орындары» жұмыс беруші жұмыссыздарды орналастыру үшін құрады. Олардың арасында табысы аз, көпбалалы отбасылардың мүшелеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жандарға және т.б. басымдық беріледі, бұл ретте жалақыны мемлекет субсидиялайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты