Шымкентте «AMANAT» партиясынын «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті.
«Ten qogam» орталығына қаладағы 30-ға жуық жұмыс беруші мекеме жиналды. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін білім, медицина, сауда, қаржы, кәсіпорындар мен басқа да салалардан бос жұмыс орындары ұсынылған болатын.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс калмауына бүгінде мемлекет тарапынан едәуір көніл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың әр Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстанда кедергісіз орта кұру керектігін айтып, турлі жобаларды іске асыруды тапсырған болатын. Міне, осы жұмыстар аясында алдағы уақытта жұмыспен камту және әлеуметтік корғау басқармасы ерекше жандарды жұмыска алатын мекемелермен тығыз жұмыс жасайтын болады. Мүгедектігі бар азаматты жұмыска алған мекеме немесе кәсіпорын, аталмыш басқарма техникалық жабдықтармен қамтамасыз ететін болады.
Яғни, жұмыс беруші тұрақты жұмыс және жалақымен қамтамасыз етсе техникалық құрал-жабдыктарды өздері жеткізіп береді. Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» жобасын табысты іске асыру болып табылады, оның негізгі мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу. Жоба негізгі төрт басымдықты құрайды: Бірінші басымдық – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құру. Екінші басымдық – инклюзивтік білім беруге жәрдемдесу, мұнда мәселе ең алдымен балалар туралы болып отыр. Үшінші басымдық-мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз бетінше табыс тауып, өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жұмысқа орналасуға көмектесу. Төртінші басымдық-еліміздің осы саладағы заңнамасын жетілдіру.
16-12-2023, 15:57
Шымкент: мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі нәтижесін беруде
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз