Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттің білім ошақтары Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр

Шымкенттің білім ошақтары Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр
Фото: El.kz

16 желтоқсан – ата- баба арманы орындалып, ел егемен атанған, төбеміз көкке екі елі жетпей қалған күн. Ол - Тәуелсіздік күні. 

Биыл бұл датаны қазақстандықтар 32-ші жыл атап өткелі отыр. Шымкент  қаласындағы барлық деңгейдегі  білім ошақтары  меркеге орай түрлі іс-шаралар өткізіп, өскелең ұрпақ санасына осы күнді сіңіріп, маңызын ұғындыруда. Кезекті жиын – қаладағы Ахмет Байтұрсынов атындағы көпбейінді № 50  мектеп-гимназиясында аталып өтілді. 


Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да әр азамат үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Мектеп ұжымы  жылдағы  дәстүр бойынша жиын өткізіп, оқушылардың өнерін көпшілікке ұсынды. 

Қазіргі таңда еліміздің  көрікті  қалалары  мен білім, ғылым, денсаулық, спорт сынды салалары айрықша даму үстінде. Қазақстан - Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Халықаралық  Валюта  Қоры  және  ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдарының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр.  Мұны оқушылар да жақсы біледі. Тарихты ұмытпайды, оқиды, зерттейді. Бейбіт күнді қастерлейді. Сондықтан болса керек, олардың ойлау қабілеті мен елге деген сезімдері ерекше жаңашылдыққа толы. 

"Мен өз еліммен қашанда мақтанамын, қазір әлемдік деңгейге шыққан Қазақстанның барлық салада алатын орны ерекше. Болашақта біз білімімізді жетілдіре отырып, осы отанымыздың өркендеуіне үлес қосамыз деген мақсатпен оқудамыз. Қазақстан- менің мақтанышым!", - дейді мектеп оқушысы Нұрай Тұрар. 

Ел Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Түркия, артынша әлемнің бірінші дамыған державасы саналатын АҚШ мойындап, қала берді Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеттері де мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған мұсылман елдері ішінде алғашқысы болды. 30 жылдан аса мерзімде еліміз әлем елдері арасында жеке дара дербес ел екенін дәлелдеді. Өзінің көршілес елдермен даусыз шекарасы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар ел атанды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты