Олар таңертемен қаз-қатар сап түзеп, Мемлекеттік Туды көтерумен және Әнұранды орындаудан мерекені бастап кетті. Одан соң, әскери қызметшілер салтанатты жиын өткізіп, үздік әскери қызметшілерді марапаттау шарасын ұйымдастырды.
Тәуелсіздік - халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Бостандықтың басқа ешкімге ұқсамайтын қасиетті мағынасын елдің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүрген офицерлер, сержанттар, қатардағы жауынгерлер мен ардагерлер ерекше сезінеді. Жеке құрам алдында сөз сөйлеген әскери бөлім командирлері әскери қызметшілерді Қазақстанның қазіргі тарихындағы басты мерекемен құттықтап, Қарулы Күштердің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, экономиканың тұрақты дамуындағы, әлеуметтік салауаттылықтағы рөлін атап өтті. Шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған «Қарулы Күштер Ардагерлері» РҚБ қалалық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев барлық әскери қызметшілерді мерекемен құттықтап, осы күннің мемлекет тарихындағы маңыздылығына ерекше тоқталды. Ардагерлер барша жауынгерлерге зор денсаулық, қажымас қайрат, амандық- саулық және Отанға қызмет етуде ерік-жігер, толағай табыс тіледі.
"Бұл күн біздің еліміз үшін маңызды мереке. Халықтың, өз Отанына шын берілген, өз елінің, өз халқының тарихын қастерлейтін барлық адамдардың бірлігінің символы болып табылады", - деп атап өтті Серікбай Мейірбайұлы.
Мерекенің құрметіне орай, қызметтегі жеткен жетістіктері үшін әскери қызметшілерге «Мінсіз қызметі үшін» медальдары, кезекті әскери атақтары мен түрлі мәтіндегі грамоталар табыс етілді. Сонымен қатар, мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген үлгілі әскери қызметшілердің ата-аналарына алғыс хаттар да дайындалды. Салатанатты шарада жеке құрамдарға және қонақтарға арналып ұлттық, классикалық және әскери-патриоттық музыкалық шығармалар орындалды. Шымкент қаласының шығармашылық ұжымдары мен әскери оркестрдің өкілдері концерттік бағдарламаларын ұсынды. Бұл күн- ел мен жерге деген үлкен құрметтің үлгісі ретінде қала бермек. Оны бүгінгі жастарға ұғындырудың өзіндік мәні зор.