Қазақстан желтоқсан айында дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.Тәуелсіздік күні:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер: 16, 17, 18 желтоқсан күндері;
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер: 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.
Желтоқсанда барлығы 11 демалыс және 20 жұмыс күні бар.
2022 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, соған сәйкес "16 желтоқсан Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесі мемлекеттік мерекелер қатарына енгізіліп, тек бір күн – 16 желтоқсанда тойлана бастады. Бұған дейін 17 желтоқсан да мереке күні болып саналып келген.