Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2021 жылдың 10 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 584 мыңнан астам адам қатысты

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 584 мыңнан астам адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушылары болды, оларға 689,2 мың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді. 434,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 315,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 16,9 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 15 мың адам жіберілді.

8 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 22,8 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 172,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,9 мың адам; жастар практикасына – 25,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 129,5 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 814 отбасы немесе
6 102 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 610 адам еңбекке қабілетті жаста болып табылады. Оның ішінде 1 866 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 130 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 8 адам оқуға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты