Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Опера және балет театрында "Трубадур" операсы сахналанды

Опера және балет театрында
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қалалық опера және балет театрында Джузеппе Вердидің «Трубадур» операсының премьерасына орай баспасөз конференциясы өтті. Театр сахнасында болатын қойылымдағы іс-әрекеттер ерекше жанрда сахналанбақ.

Қызу шайқас, құмарлық пен бостандық үшін күрес, өткеннің елестері және кек алудың қақтығыстары, сондай-ақ адалдық, жеккөрушілік, ана махаббаты, қаһармандық, лирика және көптеген белканто бәрі-бәрі Джузеппе Вердидің «Трубадур» операсының премьерасында көрсетіледі.
"Күрделі «Трубадур» операсын өзге опера театрлары қоюға батылы бара бермейді. Бұл — әлемдегі ең үздік төрт әнші операсы атауына ие. Яғни, жоғары деңгейлі сопрано, меццо-сопрано, тенор және баритонды қажет ететін ауыр қойылымдардың бірі. Осы аталған дауыстармен арнайы білікті мамандар, мастерлер, вокал жөніндегі коуч шақыртылып, тынымсыз жұмыстың арқасында Шымкент қалалық опера және балет театры өз әртістерінен іріктелген түрде басты кейіпкерлерге таңдау жасады.Шығарманың 170 жылдығына тұспа-тұс келген бұл премьера — театрымыз үшін үлкен белес болып отыр", —деді Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхаммедқызы.
Қойылым режиссеры Ресей Федерациясынан келген, бұған дейін «Домалақ ана», «Көк Түрік», «Қыз Жібек», «Қамар сұлу» қойылымдарын сахналаған Михаил Панджевидзе. Режиссер әр іс-әрекетінде түпкі ойды тапқырлықпен көрсете отырып, әртістердің эмоционалдық темпераменттерін көрермен назарына жеткізе білген. Сонымен қатар, бас суретші Гарри Гуммель де Германия мемлекетінен арнайы шақыртылған.  
Қойылымға 130-дан аса костьюм тігілген. Әрбір киім үлгісінің өзі XV ғасырдағы әлемді суреттейді. Өнер және шынайы өмірдегі нағыз оқиға көрермендерге ұмтылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Айта кетейік, «Трубадур» премьерасы 8,9,10 желтоқсан күндері Шымкент қалалық опера және балет театрында өтеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді