Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бішкекке келген итальяндық әнші өнер көрсетуден бас тартты

Әлемге танымал итальяндық тенор Алессандро Сафина Бішкекте өтетін кешінде өнер көрсетуден бас тартты. Ол 8 желтоқсанда өтетін кеші үшін Қырғызстанның астанасына келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Концерт Малдыбаев атындағы қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында симфониялық оркестрдің қолдауымен өту керек болған. Алайда сахнаға шыққан Сафина, промоутердің талаптарды орындамағанын айтқан. "Өте өкінішті. Қазір ашуланып, күйзеліп тұрмын", - деп айтты әртіс. Ол көрермендерін ренжітпеу үшін бір туындысын орындаған. Ал реніш білдіре бастаған залдағы адамдарға ұйымдастырушылардың бірі шығып, билет ақысын қайтаратынын айтқан.

"Кассаға өтіңіздер. Сіздерге билет ақысын қайтарып береміз. Өкінішке орай, осылай болды", - деп айтты ұйымдастырушылардың бірі. Басылым тыңдармандарының мәліметінше, концерт көруге келген адамдар залдың 90 пайызын құраған. Ал бірінші қатардағы бір билеттің ақысы - 13 мың сом ( 72 мың теңге - ред) болған. Сонымен қатар желі қолданушылары концерт залына көрермендердің полиция шақырғанын атап өтті. "Ұйымдастырушылар әншінің ақысын төлемеген, талаптарды орындамаған", "Мұндай масқараны әлі көрмедік", "Ешкім себебін түсіндірмейді. Билет құны қайтарылады ма, ол да белгісіз", "Адамдардың көңіл-күйін құртты", - деп жазды көрермендер әлеуметтік желіде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді