Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентке жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев келді

Шымкентке жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев келді
Фото: El.kz

Бірден әуежайдың жаңа терминал құрылысымен танысқан ведомство басшысы әрі қарай, теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмысын бақылады. Сондай-ақ, қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, халықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Салаға қатысты орын мәселелерді жіті қарайтынын жеткізді. 

Шымкент әуежайындағы жолаушылар терминалының құрылысы жеке инвестор "SCAT" авиакомпаниясы" АҚ есебінен жүргізілуде. Осыған дейін  I-кезең бойынша жоба 100% орындалды. Терминал шатырын монтаждау жұмыстарымен бірге сыртқы қасбетін жабдықтау құрылыстары жүргізілді. Қазір жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тартылуда. Жаңа терминалдың жалпы ауданы 40 800 шаршы метрді құрайды. Жобада 24 эскалатор, 2 трафик, 24 жеделсаты, заман талабына сай келетін 4 галерея қарастырылған. Аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 2 мың адамға артады. Қазіргі таңда перрон құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар 6 гектар аумақта атқарылуда.Әуежай терминалы құрылысының 2-ші кезеңін толық аяқтап, пайдалануға беру 2024 жылға жоспарланған.Қазіргі таңда құрылыс алаңында 113 адам жұмыс істеуде.

Халық санының жылдан-жылға артуы мен қалаға келетін туристердің көбеюі жұмыс жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызметті жақсартуды да талап етуде. Шаһардағы вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалады. Сондай-ақ жобада ғимараттың екінші кіреберісі,  жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай екі күту залы қарастырылған. Ғимараттың жолаушы өткізу қабілеті қазір тәулігіне 2 мың адамды  құраса, қайта құрудан кейін вокзал тәулігіне 6 мың  адамға дейін қамти алады. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Министр реконструкциялау жұмыстарын әкімдікпен белгіленген мерзімде аяқтау бойынша тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі