Алматы әуежайының вице-президенті Фатих Омур жаңа терминал 2024 жылдың сәуір айында алғашқы жолаушыларды қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, өткен жылы әуежай 7 миллионнан астам жолаушыны қабылдаса, биыл 8 жолаушыны қабылдаған. Жаңа терминал оның өткізу қабілетін айтарлықтай арттыратынына мамандар сенімді.
Фатих Омур атап өткендей, терминалдың құрылысы кестеге сай жүргізілуде.
Ол халықаралық рейстерге, ал ескісі ішкі рейстерге қызмет көрсететін болады.
"Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық әуе қатынасы арқылы нығая түсетініне сенімдімін", - деді Омур.
Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайындағы жаңа жолаушылар терминалының құрылыс барысы 2023 жылдың тамыз айында талқыланған болатын. TAV Airports Holding президентінің айтуынша, ол кезде негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 65 пайыздан астам орындалған.
Атап өткендей, құрылыс қарқыны артып келеді. Қолданыстағы терминалдың эстакадасы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді. Нысанның ашылуы мерзімінен бұрын, 2024 жылдың жазының басында жоспарланған. Қала басшысы инвестордың назарын Алматы әуежайындағы қызмет көрсету сапасына қатысты бірқатар түйткілді мәселелерге аударды.