Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында Мемлекеттік қызмет мұражайы ашылды. Мұндағы мақсат, өткен кезең мен қазіргі уақытты сабақтастыра отырып, кейінгі ұрпаққа мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктер мен мұраны таныстыру.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл қатысып мемлекеттік қызметке енді ғана аяқ басқан буынға сәттілік тіледі.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының тарихы 1992 жылдан бастау алады. «Нарықтық экономика кадрларын даярлау» қоры болып құрылған мекеме, 2002 жылы «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорны болып атауы өзгертіледі. Ал, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академияның Шымкент қаласы бойынша филиалы болып қайта құрылады.Мұражайға сол жылдардың естеліктері де қойылды.Өткен кезең мен қазіргі уақытты сабақтастыра отырып, кейінгі ұрпаққа мемлекеттік қызмет саласындағы жетістіктер мен мұраны таныстыру мақсатында ашылған мұражайды аралап көрген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл Шымкент қаласындағы филиалына өзінің оң бағасын берді.
Салтанатты шара барысында болашағын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жас буынға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметшінің бейнесі таныстырылды. Осы орайда, жас суретшілер мемлекеттік қызметкердің бейнесін қылқаламмен қағаз бетіне түсіріп, мұражайға тарту етті.