Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ернар Баспаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Ернар Жеңісұлы Баспаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген құжатта. 

Ақорда сайтындағы мәліметіне сүйенсек, Ернар Жеңісұлы Баспаев 1979 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары, Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті басқармасының бастығы, Жоғарғы Сот аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты