Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте «G4 City» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды

Үкіметте «G4 City» жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды
Фото: primeminister.kz

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кеңесте халықаралық бизнесті дамыту орталығын құру, инвестициялар тарту, инфрақұрылым жүргізу, іскерлік қызмет нысандарын салу жөніндегі шаралар, сондай-ақ бірқатар ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.

Еске сала кетейік, тұжырымдамаға сәйкес Алматы және Қонаев қалаларының аралығындағы интеграцияланған G4 City қаласы төрт ауданнан тұратын болады: Gate – іскерлік және қаржылық орталық, Golden – білім беру және медицина салалары бойынша хабтар, Growing – өнеркәсіптік және логистикалық хабтар, Green – туристік кластер.

Биыл көктемде Алматы облысында 2048 жылға дейін жалпы ауданы 30 мың га болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Бұл интеграцияланған қаланы құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климатты қамтамасыз етеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді