Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 112 ауылда қосымша мектептер мен ауруханалар салынады

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген кеңесте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде мектеп, аурухана, мәдениет үйі мен спорт нысаны секілді әлеуметтік нысандарды салу, қайта жаңарту және жөндеу үшін батыс және оңтүстік облыстарға қосымша 20 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Ұлттық экономика министрлігі батыс және оңтүстік облыс (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан) әкімдіктерінің ұсынысымен 130 жоба бойынша 20 млрд теңгеге тізбе қалыптастырды. Оның 9,6 млрд теңгесі батыс, 10,4 млрд теңгесі оңтүстік өңірге.

«2022 жылы батыс өңірде 8 медициналық, 15 – білім беру, 14 - спорт, 15 – мәдениет нысаны салынып, жаңғыртылады. Оңтүстікте 26 медициналық, 23 – білім беру, 14 - спорт, 15 – мәдениет нысаны салынады», - деді министр.

Сөзінің соңында Әлібек Қуантыров аталған іс-шараларды іске асыру республиканың батыс және оңтүстік өңірлеріндегі 112 ауылдық елдімекенде тұратын 500 мыңнан астам ауыл тұрғынына медициналық, білім беру, спорттық және басқа да қызметтерді ұсыну сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді