Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Ақтөбе облысында жаңа нысандар салу, инфрақұрылымды жаңғырту және экологияны қорғау шаралары талқыланды

Үкіметте Ақтөбе облысында жаңа нысандар салу, инфрақұрылымды жаңғырту және экологияны қорғау шаралары талқыланды

Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 10 тамызда Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды kalenta.kz.

Орталық мемлекеттік органдардың басшылары Ақтөбенің шеткері аударын дамыту, Ақтөбе мен Хромтауда кәріз-тазарту нысандарын салу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау, «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз» тасжолын және өңірлердегі жергілікті жолдарды жөндеу бойыша жобаларды іске асыру туралы баяндады.

Сонымен қатар Ақтөбе мен Қарғалы су қоймаларын күрделі жөндеу жобалары, алты жаңа ірі су қоймасын салу жоспары, сондай-ақ «Бұхара – Орал» магистральдық газ құбырынан Ақтөбеге дейін 3-ші желіні салуды жалғастыру және 30 ауылдық елді мекенді газдандыру туралы баяндамалар ұсынылды.

Оған қоса Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасын салу, Ақтөбе облысының «Фельдшерлік рюкзак» жобасы бойынша тәжірибесін басқа өңірлерге тарату, «Alaqan mektep» қауіпсіздік жүйесінің пилоттық жобасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады