Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады

Президент ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Құрметті Ұлттық Олимпиада комитетінің ұжымы!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – елімізде ерекше орны бар ұйым.Сіздер олимпиада құндылықтарын дәріптеп,өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарынан, әлем біріншіліктерінен және Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңлақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылды. Еліміз қысқы Азия ойындарын, Бүкіләлемдік универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алды. Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! - делiнген Президенттің құттықтау хатында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды