Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Кейбір салмақта жеребе ауыр түсті": бас бапкер дзюдодан турнир кестесіне баға берді

Бүгін дзюдодан Токио Олимпиадасының жеребесі тартылды. Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев турнир кестесіне шолу жасап, спортшылардың дайындығына тоқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Біздің дайындығымыз бес жылға созылды. Барлық әлем және Азия чемпионаттары, сондай-ақ, халықаралық турнирлерде спортшыларымыз Олимпиада төрінен көру үшін тайталасты. Өйткені, дзюдода Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингілік ұпай жинау керек. Балуандарымыз жоғары орыннан көріну үшін бар күшін салды. 

Токио татамиінде Қазақстан атынан Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах сынға түседі. Кейбір салмақтарда жеребе ауыр түскенін мойындау керек. Дегенмен, бұл Олимпиада ойындары, сондықтан, осал қарсылас болмайды. Ойынға әлемнің ең мықты спортшылары келді, бәрі де тарихта қалып, жүлде алуды мақсат еткен. 

Сметовтің тобы оңай емес. Жапония, Грузия балуандар бар, жеңіл болады деп айта алмаймын. Әр салмақта өте мықты спортшылар кездеседі. Біз бәріне қарсы дайындалдық, олармен талай белдескенбіз де.

Олимпиада төрт жылда, біздің жағдайымызда бес жылда бір өтетін жарыс. Сол себепті, спортшылар психологиялық тұрғыда дайын болуы керек. Біздің балуандар дайын. Өйткені, осы жарысқа қатысу үшін қаншама қиындықтарды артта қалдырды. Пандемия кезінде жаттығу жасаудың өзі оңайға соққан жоқ. Десе де, біз өзімізге қажетті рейтингілік ұпайларды еншіледік. Әлем чемпионы болсаң да, Олимпиада чемпионы болсаң да, жеңіске ең мықты спортшы жетеді. Кейбіреулер үшін бұл өз мансабындағы соңғы Олимпиада болуы мүмкін. Өйткені, спорт мәңгілік емес. Сондықтан, біздің олимпиадалық командамыздағы әр спортшы жақсы өнер көрсетсе екен деген тілегім бар.

Пандемияға байланысты жарыстың өту ережесіне үлкен өзгерістер енді. Ұйымдастыру комитетінің ережелерін ұстану қажет. Егер спаррингке көмектесетін балуандарды алып келгенде, бізге әлдеқайда оңай болар ма еді. Бұл тығырықтан шығатын жолды да таптық. Мысалы, Галбадрах пен Елдос бір-бірімен жаттығуда.  Токиода спортшылардың жаттығуына бар жағдай жасалған. Жаттығу залына арнайы транспортпен алып барады. Олимпиадалық ауылда да жатығуды үзген жоқпыз. Дзюдошыларымыз дайын, қалғанын татами көрсетеді», - дейді бас бапкер. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды