Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды

Петропавл қаласының әкімі болып Руслан Анбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

Бүгін Петропавл қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын қалалық мәслихаттың 7 шақырылымы депутаттарының кезектен тыс 16 сессиясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ұсынды. Депутаттар Руслан Анбаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдап дауыс берді.  

Руслан Анбаев өз кезегінде өңір басшысына және депутаттарға көрсетіліп отырған сенімге алғысын білдірді.  Руслан Анбаев 1978 жылы СҚО Тимирязев ауданы Целинное елді мекенінде дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист-менежер, агроном және юриспруденция бакалавры.  Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданында аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастаған.  2002-2015 жылдар аралығында Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарында салық қызметінде түрлі лауазымдарды атқарды.  

2015 жылдан 2019 жылға дейін СҚО әкімі апараты жетекшісінің орынбасары болды.  2019-2020 жылдары Мамлют ауданын басқарса, 2020 жылғы қазан айынан осы күнге дейін Тайынша ауданының әкімі болды. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді