Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Семей қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясында депутаттар көпшілік дауыспен Нұрымбет Сақтағановтың кандидатурасын қолдады. Айта кетейік, ол бұған дейін Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарған болатын, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Жаңа қала басшысын активке Даниал Ахметов таныстырды. Өңір басшысы бұрынғы әкім Ермак Сәлімовке жұмысы үшін алғыс айтып, одан әрі облыс әкімінің тұрғын үй-құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болатынын атап өтті.


Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.


Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік институтын мұғалім, заңгер, экономика және бизнес мамандықтары бойынша тәмамдаған.


Еңбек қызметін 1992 жылы Қызылордадағы № 172 орта мектебінде мұғалім болып бастаған.


1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы № 9 орта мектепте жұмысын жалғастырды.


1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.


2001-2006 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, Төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (ҚР Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі) болды.


2006-2007 жылдары - ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, Министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.


2007-2010 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болды.


2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.


2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


2015-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.


2018 жылдан бүгінге дейін Ұлан ауданы әкімі қызметін атқарды.


Айта кетейік, жаңа әкім Нұрымбет Аманұлы жеті бала тәрбиелеп отырған көпбалалы әке.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді