Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастады.

1998-1999 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1999-2000 жылдары — орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

2000-2002 жылдары — директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2002-2003 жылдары Көкшетау медициналық колледжінде оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.

2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының м. а.

2004-2005 жылдары — СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2008 жылдары — СҚО Тайынша ауданының Білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2008-2009 жылдары — СҚО Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы.

2009-2012 жылдары — СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары, Петропавл қаласы.

2012-2013 жылдары — Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары — СҚО Білім басқармасы басшысының м. а., басшысы, Петропавл қаласы.

2017-2018 жылдары — ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты