Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ержан Біржанов Қаржы вице-министрі қызметіне келді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін, Бизнес және халықаралық зерттеулер университетін (Швейцария) бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы СҚО бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады. 1999-2004 жылдары СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді. 2004-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды. 2014 жылғы наурыз-қараша аралығында – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы.

2014-2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры. 2017 жылы «Казимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017-2021 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етті. 2021 жылғы наурыздан бастап ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады