Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі стратегиялық маңызы бар өндірістік, энергетикалық, көлік-логистикалық және туристік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әуе хабтарын белсенді дамыту және олардың жаһандық логистика тізбегіне кірігуін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет әуежай инфрақұрылымын және ішкі тасымалдарды дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Ақтау халықаралық әуежайында Нұрлыбек Нәлібаевқа әуежай базасында мультимодальды логистикалық және авиациялық хаб құру жобасы таныстырылды. Кешенде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, әуе жүктерін тасымалдау, мамандар даярлау және логистикалық қызметтерді бір алаңға шоғырландыру көзделген. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін 3,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бірінші вице-премьер «Кендірлі» әуежайының құрылыс барысын көрді. Қазіргі таңда нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы орындалу деңгейі 49%-ға жетті. Әуежайдың ұшу-қону жолағының ұзындығы 2 200 метр, ені 35 метр, жолаушылар терминалы сағатына 150 адамға дейін қызмет көрсетуге есептелген. Қазір ұшу-қону жолағы, перрон, рульдеу жолы, периметрлік қоршау және кірме жол, сондай-ақ жолаушылар терминалы мен инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде. Әуежайды биыл жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған.

Нұрлыбек Нәлібаев Жаңаөзен қаласында салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысымен де танысты. Стратегиялық жобаның өндірістік қуаты жылына 900 млн текше метр табиғи және ілеспе газды өңдеуге есептелген, іске қосу мерзімі – 2027 жыл.

Ақтау қаласында салынып жатқан «Нұр» санаторлық-сауықтыру кешенінің жобасы таныстырылды. Кешеннің басты ерекшелігі – жерасты табиғи термалды су көзін емдік-сауықтыру мақсатында пайдалану. Мұнда 175 нөмірге, 320 төсек-орынға арналған санаторий салынып, оңалту бөлімшелері, физиотерапия, массаж, балшықпен емдеу және ингаляция қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар жабық бассейн, сауна, хамам, екі асхана және 120 орындық конференц-зал қарастырылған. Кешен толық іске қосылғаннан кейін 100 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс 2026 жылдың IV тоқсанында аяқталады.

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері Ақтау теңіз сауда порты, Құрық порты және Ақтау халықаралық контейнерлік хабының қызметін таныстыру кезінде қаралды. Ақтау портының жылдық өндірістік қуаты 11,8 млн тонна, Құрық портының өткізу қабілеті 6 млн тонна, ал Ақтау халықаралық контейнерлік хабының жобалық қуаты жылына 240 мың жиырма футтық эквивалент контейнерге жетеді. Оның бірінші кезеңі 2026 жылғы наурызда пайдалануға берілді. Аталған нысандардың дамуы Каспий теңізі арқылы жүк тасымалын ұлғайтуға және Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Өңірдің химия өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударылды. «ҚазАзот» АҚ-ның өндірістік қызметі мен кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жобалары қаралды. 

Бұдан бөлек, бірінші вице-премьер өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын, оның ішінде «МАЭК» ЖШС-нің жұмысын және алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді. Ақтау қаласында салынып жатқан қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысының құрылыс-монтаждау жұмыстары 71,8%-ға орындалған. Нысанды 2027 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
68 комментариев
Unlike debit card payments or e-wallet transactions, wire transfers involve banks processing the payment directly. More than 17,000 external reviews have been analyzed and categorized as positive or negative to provide a clearer picture of each casino’s performance. As for games, Super Slots has an impressive library of more than 1,700 slots, covering everything from classic and progressive slots to hold-and-win games. References: theafricanbiomineralbalance.com
  • Marcela
  • 01-11-2026, 07:06
  • : 07:06
Willkommensbonus in Casinos kann man Sofortüberweisung vollumfänglich genutzt werden. Das Online Casino stellt dir dann andere Alternativen zur Verfügung. Wenn dir im Online Casino Sofortüberweisung nicht so zusagen sollte, hast du natürlich Alternativen zur Verfügung. Die Online Spielbanken haben ihre Seiten in der Regel so optimiert, dass sie sich automatisch deinem Endgerät anpassen. In der Regel erfolgt das nach der Registrierung im Online Casino. Darüber hinaus gibt es 200 Freispiele im Paket des Willkommensbonus! References: https://forum.klai.studio
  • Vern
  • 08-11-2026, 20:20
  • : 20:20
References: Online casino idebit top online casinos that accept idebit
  • Norman
  • 08-11-2026, 22:03
  • : 22:03
References: Best neosurf deposit casino australia topsitenet.com
  • German
  • 09-11-2026, 03:56
  • : 03:56
References: Online casinos that accept payid payid pokies facebook real money no deposit bonus
  • Emanuel
  • 09-11-2026, 08:37
  • : 08:37
References: Paysafecard casino no deposit bonus canada online casino paysafecard canada
  • Chet
  • 09-11-2026, 08:43
  • : 08:43
References: Paysafecard casino online gambling paysafecard canada
  • Brianne
  • 09-11-2026, 16:16
  • : 16:16
References: Fast payout online pokies australia payid australian online pokies
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды