Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» компаниясының басшылығымен кездесті

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» компаниясының басшылығымен кездесті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы Сюзанн Куганмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері қаралды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, биылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Шелл Қазақстан» компаниясы Ақтөбе облысындағы «Жаңатұрмыс» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған келісімшартқа қол қойды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары елімізде геологиялық барлау қызметін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, «Жаңатұрмыс» жобасын жетілдірілген модельдік келісімшарт шеңберінде жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар жүздесу барысында еліміздің энергетика саласы үшін стратегиялық маңызы бар Қарашығанақ және Қашаған жобаларын жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Тараптар өндірістік көрсеткіштердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және жобаларды әрі қарай дамыту қажеттігін атап өтілді.

Сондай-ақ «Шелл» компаниясының еліміздің батыс өңірлеріндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңнда тараптар ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді