Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысының экобелсенділері Ыбықты сайда сенбілік жұмыстарын жалғастырды

Маңғыстау облысының экобелсенділері Ыбықты сайда сенбілік жұмыстарын жалғастырды
Фото: mangystaumedia.kz.

Елімізде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ыбықты сай аумағында сенбілік жұмыстары екі күнге жалғасты. Сенбілікке Маңғыстау туризм колледжінің студенттері мен облыстың экобелсенділері қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.


Маңғыстау облысының ғажайып табиғатының бір көрінісі - Ыбықты сай. Бұл мекеннің Маңғыстау аумағындағы табиғат ескерткіштеріне ұқсамайтын ерекше келбетін тамсанбай айту мүмкін емес.  Бұл жердің бір ғажабы – жаздың аптап ыстығы 30-40 градусқа жетсе де, сай іші жанға жайлы қоңыр салқын күйде тұрады.

Эколог және қоғам белсендісі Кирилл Осин маңғыстаулықтарды аймақтың көрікті жерлерін ұқыпты ұстауға шақырды. Оның айтуынша, көрікті жерлерге барып демалатын  тұрғындар қоқыстарды өзімен бірге алып кеткені жөн.

«Бүгін біз таңғажайып көрікті мекен – Ыбықты сайындамыз. Бұл — табиғи бірегейлігі бар әсем шатқал. Өкінішке қарай Ыбықты сай ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатпайды, бірақ соған қарамастан шатқалдың таңғажайып сұлулығын таза ұстау, оны сақтау бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. Ыбықты сайы туристер арасында өте танымал. Мұнда қыдырып келуші туристер мен қонақтар шатқалда едәуір қоқыс қалдырады екен. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгін еріктілер, жас педагогтар, экология және туризм мамандықтары бойынша оқитын студенттер жиналды. Еріктілер осы шатқалды тазалауға өздері бастамашы болды. Бұл жай ғана осы аумақты қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар біздің өлкеміздің табиғатымен танысу шарасы болды. Мен мұнда алғаш рет келіп тұрмын, табиғаты ғажап екен», - деді Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, «Эко-Маңғыстау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кирилл Осин.

Маңғыстау туризм колледжінің оқытушысы Гүлнұр Кушанованың айтуынша, тазалық - табиғатқа деген махаббаттың басты көрінісі.

«Бүгін сенбілік аясында Ыбықты сай тарихи мекендеріне келіп, сенбілік жасап жатырмыз. Тарихи, әдемі жерімізді тазалап ұстап, сақтап қалуға мүмкіндік берген қоғамдық бірлестікке рақметімізді айтамыз. Жаспыз, жігерліміз, "елім маған не береді деп отырмай, мен еліме не беремін" деген ұранмен жүретін жастардың қатарынанбыз. Сондықтан көрнекті жерлерімізді келген қонақтарға таныстыру, тарихи жерлерді сақтап қалу мақсатында сенбілік жасауды жөн санаймыз. Замандастарыма демалуға келген кезде табиғатты бүлдірмей, тазалық сақтасақ нұр үстіне нұр болады деп айтқым келеді. Дәл қазір біз қандай әдемілікті көріп тұрмыз, сол әдемілікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу - басты парызымыз, міндетіміз. Тазалықты сақтауға шақырамыз» деді оқытушы.

Сонымен қатыр, студенттер осы акция барысында облыстағы көрнекті орындармен де танысқанын айтты.

«Бүгін Маңғыстау туризм колледжінің студенттері «Таза Қазақстан» акциясы бойынша Ыбықты сайын тазалауға келдік. Мұнда сенбілік жасай жүріп, өңіріміздің тұмса табиғатын тамашалап жүрмін. Ыбықтының сайы өте ерекше орын екен. Мен бұл жерге бірінші рет келіп тұрмын. Сайдың ішінде от жағып, тамақ пісірген орын көп екен. Мұндай тарихи орынды ластап, бүлдіру дұрыс емес. Сондықтан баршаңызды туған өлкемізді таза ұстауға шақырамын», - деді студент Альбина Төлеген.



«Мұнда алғаш рет келдік, болашақта осы аумаққа саяхаттап келуді жоспарлап отырмыз. Өкінішке қарай, шатқалға саяхатшылар ойып жазып кеткен жазулар бар екен. Тұрғындарды табиғатты аялауға шақырамын»,  деді студент Даяна Дильшод.


Сонымен қатар, жастармен бірге сенбілікке шыққан апамыздың ісі көпке үлгі. Зейнеткер Күлән Сүйінованың айтуынша, оның эко белсенді болып жүргеніне 4-5 жылдай болған.

«Осыған дейін «Эко-Маңғыстау» ұйымымен бірлесіп Ынтымақ алаңына ағаш отырғызып, қоқыстан тазарттық, Оймақ өзенін тазаладық. Бүгін туристердің жиі келетін орны Ыбықты сайға да ұжыммен бірге келдім. Халықтан тазалықты сақтауын, қоқысын қалдырмай, жинауын сұраймыз. Бұл табиғатты сақтаудың бірден-бір жолы», - деді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
68 комментариев
  • Cole
  • 08-11-2026, 21:28
  • : 21:28
References: Aud neosurf casinos neosurf withdrawal casino australia
References: Minimum deposit casino neosurf australia best neosurf casino australia
  • Verlene
  • 09-11-2026, 03:45
  • : 03:45
References: Pay with paysafecard casino canada online casino $10 minimum deposit paysafecard canada
  • Eugenia
  • 09-11-2026, 09:17
  • : 09:17
References: Paysafe minimum deposit casino canada http://bbs.wj10001.com
  • Shannon
  • 19-11-2026, 21:36
  • : 21:36
References: Payid withdrawal casino https://www.dtfz.net/?134667
  • Sheena
  • 19-11-2026, 21:39
  • : 21:39
References: Payid casino bonus https://doc.anagora.org
  • Antonia
  • 20-11-2026, 04:56
  • : 04:56
References: Instant withdrawal casino payid https://onespotsocial.com/judgeshame07
  • Dell
  • 21-11-2026, 20:02
  • : 20:02
The good news is that most casinos accepting PayID are offshore platforms that license content from dozens of international studios, so the choice of pokies is usually far wider than what you would find in a local pub or club. The table below summarises what we found at five platforms that frequently come up in conversations about PayID pokies Australia. It is an addressing service built on top of Australia's New Payments Platform (NPP), the real-time payments infrastructure that most major and many smaller banks connect to. It moves money between bank accounts in near real time, it uses details you already know (your phone number or email address), and it removes the need to type out long BSB and account numbers. You pick PayID at the cashier, confirm the transfer in your online banking app, and your money shows up right away. That’s why you should go for the best Aussie PayID casinos if you want a smooth, modern online gambling experience.
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды