Бүгін белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері сенбілікке шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астананың қарт волонтерлері «Байтақ» жасыл партиясымен бірлесіп Республика даңғылы мен Мәскеу көшелерінің қиылысында орналасқан А.Пушкин атындағы алаңды тазалады.Қарт кісілер қаланың тазалығына өз үлестерін қосып, демалыс аймағын қоқыстан тазартты. Олар өздеріне тапсырылған аумақты тазалап, қоқыстарды қаптарға салып қана қоймай, айналаны безендіруге атсалысты.
«Бүгін Нұра ауданының «Күміс волонтерлері» ұжымының белсенді аталары мен әжелері сенбілікке шықты. Біз өзімізге берілген аумақты тазарттық. Астана тұрғыны болғандықтан, қаламызды өте жақсы көреміз, оның тазалығына өз үлесімізді қосуға тырысамыз», – деді волонтерлер ұжымының жетекшісі Ләззат Өтеғұлова.
Бас-аяғы 20 зейнеткермен бірге тазалауға студенттер мен эко-белсенділер қатысты.Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Алғашқы аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.Екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріліп, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмысына бағытталады.Ал 20-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға, оларды ақтауға арналады.4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумағын тазалауға және абаттандыруға арналады.Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно