Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңге ұрлаған жігіт сотталды

Шымкентте жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңге ұрлаған жігіт сотталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңге ұрлаған жігіт сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай АПБ-ға “102” арнасы арқылы жеке кәсіпкер арызданды. Ол өз шағымында көлік жөндеу орталығындағы сейф ішінен 7,5 млн теңгесі ұрланғанын жеткізді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Қызметкерлер ғимарат маңындағы бейнекамераларды тексеріп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол сол орталықта дөңгелек жөндеумен айналысатын жұмысшы болып шықты. Оңтайлы сәтті пайдаланған жас жігіт түн ортасында көлік жөндеу орталығына терезе арқылы кіріп, сейфтен ақшаны алып, ізін суытқан.

Аталған жайт Абай АПБ-да ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3- тармағы (Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша тіркелді.

Полицейлер жан-жақты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 23 жастағы Түркістан облысының тумасы қала аумағында ұсталды.

Тергеу барысында ер адам сейф ішінде қомақты қаражат сақталатынын байқап, қылмысқа алдын ала дайындалғаны анықталды. Ал ұрланған ақшаны жеке қажетіне жаратып жіберген. Тергеушілер оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар мен жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдады.

Сот шешімімен айыпталушы 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты