Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Буяр Османиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы  Буяр Османиді қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанға  сапары маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Сіздің сапарыңыздың біз үшін маңызы зор.  Мен еліміздің осы ұйымға мүше сенімді мемлекет ретінде ЕҚЫҰ-ны қолдайтынын айрықша атап өткім келеді. Ұйымдағы пікірлер қайшылығына қарамастан,  ЕҚЫҰ – баламасы жоқ ұйым . Сондықтан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек. 2025 жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өту аясында ЕҚЫҰ-ның өзара диалогқа арналған бірегей платформа ретінде қызмететуін жалғастыруына қамтамасыз ету өте маңызды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, 2010 жылғы Астана саммитінің декларациясында бекітілгендей, қауіпсіз қоғамдастық құру туралы ортақ көзқарасқа негізделеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қарым-қатынасты нығайту перспективаларына айрықша тоқталды.

– Екіжақты қарым-қатынасымызда ешқандай мәселе жоқ. Біз ынтымақтастығымызды кеңейту тұрғысынан елеулі нәтижеге жеттік. Еліңізді Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз және біз Скопьеде өз елшілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық, – деді Президент.

Өз кезегінде Буяр Османи ЕҚЫҰ-ның Қазақстанмен және Орталық Азия өңірімен өзара байланысты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның осы ұйым қызметінің негізгі бағыттарын қолдаудағы белсенді рөлін көрсетті. 

– Солтүстік Македонияның ұйым төрағасы ретіндегі ұраны – «Барлығы адамдар үшін». Бұл біздің адамға бағдарланған ұстанымымызды білдіреді. Сіздің реформалар бағдарламаңыз да адамдарға арналған әрі ол ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелерімен ғана емес, біздің ұйым төрағалығындағы басымдықтарымызбен де үндес. Сонымен қатар біз Қазақстанның өңірлік, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өткізіміз келеді, – деді министр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президенті Стево Пендаровскийге ізгі тілегін жолдап, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді