Дс, 12 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілімен кездесті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры Матео Мекаччиді қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Kazlenta.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев Матео Мекаччиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен арадағы қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Кездесуде Қазақстан мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро арасындағы демократияны дамыту, адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен оны дамыту перспективалары талқыланды. Президент Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бюро арасында қол қойылған өзара түсіністік жөніндегі Меморандумды қолдады.

Оның айтуынша, бұл құжат еліміздің Бюромен тығыз серіктестікті дамытуға дайын екенін және ЕҚЫҰ құндылықтарына бейілділігін растайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Бюро директорына Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты. Матео Мекаччи ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезеңді және бұдан бұрын Қазақстанға келген сапарларын ықыласпен еске алды. Бюро директоры Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екенін атап өтіп, елімізбен өзара белсенді іс-қимылдың даму барысына көңілі толатынын айтты. Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдайтынын және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді