Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орталық Африка Республикасындағы қазақстандық бітімгерлер ротацияланды

Орталық Африка Республикасындағы қазақстандық бітімгерлер ротацияланды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің Орталық Африка Республикасындағы (ОАР) Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қатысу аясында офицерлердің алғашқы ротациясы өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

2022 жылы парламент ел Қарулы күштерінің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу ауқымын кеңейту туралы шешім қабылдаған болатын. Өткен жылдың жазында екі әскери қызметші Орталық Африка Республикасына (ОАР) жіберілді.

Олар 12 ай бойы БҰҰ-ның ОАР-дағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында штаб офицерлері ретінде қызмет етті.

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ бітімгерлік мандатын іске асыру мақсатында елдегі ішкі жағдай туралы ақпаратты өңдеу және талдау жөніндегі міндеттерді орындады, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға өз үлестерін қосты.

Оларды ауыстырған офицерлер миссияның нұсқауларына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты