Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ливандағы қазақстандық бітімгерлік контингентінің кезекті ротациясы жүргізілді

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жетінші бітімгерлік контингенті "БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері" миссиясына қатысуды аяқтады. 

Алты ай ішінде қазақстандық әскери қызметшілер жаяу және мобильді патрульдеуді орындады, одан басқа тосқауыл бекеттерінің жұмысын ұйымдастыруға, базаларды күзетуге және операцияларды жүргізуге қатысы жоқ жеке құрамның күнделікті жауынгерлік даярлығына қатысты.

– Алты ай жылдам өте шықты. Бітімгерлік дайындық орталығында тиянақты алынған білім жаңа жағдайға оңай бейімделуге және алға қойылған міндеттерді лайықты шешуге көмектесті. Әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайы да жоғары деңгейде. Олар қызмет орнында міндеттерді орындауға дайын, – деді Алматыға келген соң топ командирі капитан Марат Әбдіраманов.

Оның орнына сегізінші бітімгерлік контингент, яғни "Шығыс" секторындағы Үнді бітімгерлік батальоны құрамында міндеттерді орындайтын қазақстандық әскери қызметшілер аттанды.

Қазақстан контингентін Үндістан Республикасы Қарулы күштерінің бітімгерлік контингенті құрамында БҰҰ-ның Ливандағы миссиясына бірлесіп орналастыру 2018 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты