Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

400-ге жуық қазақстандық әскери қызметші Африкаға БҰҰ миссиясына қатысуға аттанады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік контингентін БҰҰ миссияларына қатысуға жіберу туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Президенттің ұсынысын Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқып берді.

"Конституцияның 53-бабының 5-тармақшасына сәйкес, жалпы саны 430 әскери қызметшіден тұратын Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік контингентін Орталық Африка республикасындағы БҰҰ-ның көп профильді біріктірілген тұрақтандыру миссиясына, Конго демократиялық республикасындағы БҰҰ тұрақтандыру жөніндегі миссиясына, Малидегі БҰҰ-ның көп профильді біріктірілген тұрақтандыру жөніндегі миссиясына, Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінің миссиясына қатысуға жіберу туралы ұсыныс енгіземін", - делінген президен ұсынымында.

Министрдің айтуынша, бағалау мен іріктеу бірнеше кезеңнен тұратын болады. Қорғаныс ведомствосы Қазақстаннан БҰҰ-ға бес бөлімшенің қатысуына өтінім берген. "Олардың дайындық деңгейі әртүрлі. Біз бөлімшелерімізді бірден емес, сұраныс бойынша жіберіп отырамыз. Онда миссияны орындауға дайындығымыз бағаланады", - деді министр.

Депутаттар мемлекет басшысының ұсынысын қолдады. Айта кетейік, парламент палаталарының бірлескен отырысына сенаттың 45 депутаты мен мәжілістің 103 депутаты қатысуда. Бүгінгі таңда Батыс Сахарадағы БҰҰ миссияларында 6 әскери, ал Ливандағы БҰҰ Уақытша күштерінің миссияларында сәйкесінше 9 қазақстандық әскери қызметші қызмет етуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді