Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ливанда қазақстандық бітімгерлердің кезекті ротациясы өтті

Бесінші қазақстандық бітімгершілік контингенті «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясына қатысуын аяқтады. Олардың орнына Қазақстан бітімгерлерінің алтыншы құрамы аттанды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жарты жыл бойы қазақстандық бітімгершілік контингенті  жергілікті жерді патрульдеу, блок-бекеттерде қызмет атқару, базаны күзету міндеттерін орындады, сондай-ақ штабтағы миссияның шараларға қатысты.

Бітімгерлер майор Данияр Зәріповтың басшылығымен жүктелген міндеттерді лайықты деңгейде орындап шықты.

– Әскери қызметшілер өздеріне жүктелген жоғары жауапкершілікті толық сезіне білді, өйткені олар Қазақстанның Қарулы Күштерін ғана емес, сондай-ақ бүкіл елді БҰҰ қолдауымен әлемдік қоғамдастық алдында таныстырды. Жасақтың моральдық-психологиялық жай-күйі жоғары деңгейде, – деді командир.

Бітімгерлердің айтуынша, елді мекендер мен оларға іргелес аумақтарды күнделікті патрульдеу жауапкершілік аймағында жағдайдың қалыпты екенін көрсетеді.

Қазақстандық әскери қызметшілер Үнді бітімгершілік батальонының құрамында қызмет атқарады. Біздің әскери қызметшілердің кәсібилігін миссия қолбасшылығы, сондай-ақ бірлесіп патрульдеу жүргізетін Ливан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілдері бірнеше рет атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады