Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат елден тысқары шығарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейдтер барысында Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері қалада заңсыз тұратын шетелдік азаматты анықтады. Владимир облысының Гус Хрусталт қаласында тұратын Ресей азаматы 2022 жылы Павлодар облысына келгендігі анықталды.
2023 жылдың наурыз айында 72 жастағы ер адам шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәулік ішінде кетуден жалтарғанын білдіреді. Алайда Шарбақты аудандық сотының қаулысын шет мемлекеттің азаматы орындамаған. Яғни, айыппұл төлемеген және Қазақстан Республикасынан тысқары шықпаған.
Көші-қон заңнамасын бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 7-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Екібастұз қалалық сотының қаулысына сәйкес Ресей азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабына 2-бөлігіне (Әкiмшiлiк қамаққа алу) сәйкес, осы адамға қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмады, себебі оның жасы алпыс үш жастан асқан.
– Екібастұз полицейлері құқық бұзушылықтардың жолын кесіп қана қоймай, шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен олардың көші-қон саласындағы заңнаманы сақтауы бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, – деп атап өтті Екібастұз қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.