Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында Өзбекстанның 13 азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып келген

Қостанай облысында Өзбекстанның 13 азаматы еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып келген
Фото: polisia.kz

Облыстың Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының аумағындағы көші-қон қызметінің мамандары рейдтік іс-шараларды өткізу барысында салынып жатқан нысанда заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 13 азаматын анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының хабарлауынша, шет мемлекеттің азаматтары еңбек қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз заңсыз жүзеге асырған.

– Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Меңдіқара және Ұзынкөл аудандары соттарының шешімдерімен заң бұзушыларды Қазақстаннан шығарып жібере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға елге 5 жыл мерзімге кіру шектелген. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.

Көші-қон және жергілікті полиция қызметінің мамандары соттардың шығарып жіберу туралы шешімін орындауды өз мойнына алды. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін шығарып салды және полиция қызметкерлерінің бақылауымен олар ел шекарасынан шықты.

Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында әкімшілік және азаматтық іс жүргізу тәртібімен 40-тан астам шетелдік азамат шығарылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты