Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада пәтер алғысы келген тұрғындар 450 миллион теңгеге алданды

Астанада пәтер алғысы келген тұрғындар 450 миллион теңгеге алданды
Фото: pixabay.com

ҚМА астаналық департаменті "Семейный капитал" қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекеті әшкереледі, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісім-шарт жасасқан.

"Оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген. Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерлерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған. Осылайша, ол жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген", - делінген хабарламада.

Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

"ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Егер сіз және сіздің туыстарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз: 1458, 8 (7172) 70 84 79 (ішкі 21384). ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі", - деді ҚМА өкілдері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда